Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында тұрғын үй кезегінен шығып қалған жетім баланың құқығы қорғалды

Опубликовано:

Балға ұстап тұрған судья
Судья балғасы. Көрнекі фото: Daniel Tadevosyan / Getty Images

Павлодарда сот тұрғын үй қорындағы баспана алу кезегінен заңсыз шығарылған жетімнің тұрғын үй алуға деген құқығын қалпына келтірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысы сотының Facebook-тегі парақшасындағы ақпарат бойынша, талап қоюшы 2009-2016 жылдар аралығында жетім балаларға арналған мектеп-интернатта тәрбиеленіп, тұрған. Сол кезде ол мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қойылған болатын.

Кәмелет жасқа толған соң жетім Павлодарда баспана жалдап тұра бастады. Жұмысқа тұру үшін Екібастұз қаласында уақытша тіркелге еді, бірақ тұрақты тұрғылықты жері болмаған.

Қалалық тұрғын үй комиссиясы талап қоюшы өзге елді мекенге тұрақты тұруға кетуіне байланысты оны кезектен шығару туралы шешім қабылдады.

Сот шешімімен талап қоюшының тұрғын үй алу бойынша құқығы қалпына келтірілген, себебі жұмыс орны бойынша уақытша мекенжайға тіркелгені азаматтың тұрақты тұрғылықты жері болып саналмайды.

"Сот тұрғын-жайға мұқтаж деп танылған әрі тұрғын-жай алғанға дейін есепке қойылған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар есептен шығарылып тасталмайды, сол себепті сот (талап қоюшыға қатысты – ред. ескертпесі) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 73-бабы 1-тармағының нормаларын қолдануды орынды және әділ деп санады", - делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113923-pavlodar-oblysynda-turgyn-ui-kezeginen-shygyp-qalgan-zhetim-balanyng-quqygy-qorgaldy/