Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"17 маусым емес": ҚМДБ Құрбан айт мерекесі басталатын күнді бекітті

Жарияланған күні:

мешіт мұнарасы
Мешіт мұнарасы. Көрнекі фото: pexels.com

Биыл 16 маусым Құрбан айт мерекесінің бірінші күні деп белгіленді. Мұндай шешімді ҚМДБ қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бірлестік мәлімдемесіне сәйкес, ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады.

"ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі әр жылдың төртінші тоқсанында келер жылдың діни мерекелері мен күндері көрсетілген кесте әзірлейді. Онда хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалады. Сонымен бірге пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертіп отырады.

Ислам дінінде қасиетті күндер, түндер және айлар қамари жыл санауы негізінде анықталады. Мұндай жыл санақ ай фазасының өзгеруіне қарай есептеледі. Жаңа айдың (һиләлдың) көрінуімен жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29 не 30 күн болады. Зул-хижжа айын анықтау үшін зул-қағда айының 29-нда айды бақылайды. Күн батқан кезде жаңа ай көрінсе, келесі күні зул-хижжа айы басталған болып саналады. Егер ауа бұлтты болып, ай көрінбесе, зул-қағда айын 30 күнге толықтырады.

Осыған орай, маусымның 6-шы кеші жаңа айдың нақты көрінуіне байланысты 7 маусым зул-хижжа айы басталды. Сол себепті жыл басында ескерткеніміздей құрбан айт күні бір күн бері жылжып, 16 маусымға сай келді", - делінген хабарда.

Еңбек министрлігінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне 17 маусым жұмыс күні болатынын хабарлады.

"Құрбан айттың бірінші күні мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтіледі. ҚМДБ бұл күн 16 маусым, жексенбі деп жариялады, яғни онсыз да демалыс күні. Сондықтан демалыс басқа күнге ауыстырылмайды", - деп хабарлады ведомстводан.

Айта кетейік, "Электрондық үкімет" порталында 17 маусым Құрбан айттың бірінші күні – мереке ретінде көрсетілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113929-qmdb-qurban-ait-merekesi-bastalatyn-kundi-bekitti/