Назарбаевтың жиені марқұм әкесі және ағасымен түскен мұрағат суретін жариялады
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев бүгін әлеуметтік желіде әкесі Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтанмен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстанның тұңғыш президентінің жиені Нұрәлі Әлиев Instagram-парақшасындағы Stories-те отбасылық мұрағаттық суретін жариялады. Суретке әкесі – қазақстандық кәсіпкер және саясаткер Рахат Әлиев пен ағасы Айсұлтанмен бірге түскен.
Еске сала кетейік, Рахат Әлиев 2015 жылы 24 ақпанда Венада (Австрия) қайтыс болды. 2008 жылы Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған ол билікті басып алуға дайындалып, адам ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деген айыппен өз елінде жалпы 40 жылға сырттай сотталған.
Вена соты 2011 жылы маусымда Әлиевті Қазақстанға экстрадициялаудан бас тартты.
Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы 16 тамызда Ұлыбританияда қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, жас жігіттің өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114121-nazarbaevtyng-nemeresi-marqum-akesi-zhane-agasymen-tusken-muragat-suretin-zhariialady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.