Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Пара алды деп айыпталған "Қазселденқорғау" бұрынғы басшысы сотта ақталып шықты

Опубликовано:

Судья
Судья. Көрнекі фото: KamiPhotos / Getty Images

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшесінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды. KAZ.NUR.KZ бұл туралы сот хабарына сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысы соттарының Facebook-тегі хабарына қарағанда, "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің бұрынғы басшысы К. мен оның орынбасары А. өздерінің қызметтік өкілеттіктеріне кіретін әрекеттері мен әрекетсіздігі үшін алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобында аса ірі мөлшерде пара алды деп, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін айыпталған. Бұл Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы. Сонымен қатар, К.-ға бір әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін айып тағылған (Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі).

ЖШС директоры П.-ға алдау және сенімге қиянат жасау арқылы мүліктік залал келтірді, ұрлық белгілері болмаған кезде, өзінің қызметтік бабын пайдаланып, ірі көлемде зиян келтірді (Қылмыстық кодекстің 195-бабының 4-бөлігі 2-тармағы) және лауазымды тұлғаға жеке басына аса ірі мөлшерде ақша түріндегі пара берді деген айып тағылды (Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі).

Сотта 2022 жылғы 22 желтоқсанда сотталушы А. ММ басшысының орынбасары бола тұра, өзінің қызметтік мүмкіндіктерін пайдалана отырып, селден қорғау бөгеттерін салуға шарт жасалған мердігер ұйымның директоры Ж.-дан пара алғаны анықталған.

"Жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін пара беруші 397 621 АҚШ долларынан астам ақша берген. Ал сотталушы П., ЖШС директоры бола тұра, жұмыстың орындалғаны туралы актілерге кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлық үшін ММ басшысының орынбасарына 397 621 АҚШ доллары көлемінде пара берген", - делінген хабарда.

Алқабилер алқасының шешімі бойынша (көпшілік дауыспен),

  • К. өзіне тағылған айыптар бойынша ақталды.
  • Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылған А.-ға мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
  • 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлігімен сотталушы А. ақталды.
  • П. ҚК-нің 367-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 2022 жылғы 5 желтоқсандағы эпизод бойынша Қылмыстық кодекстің 367-бабының 4-бөлігі және ҚК-нің 195-бабының 4 бөлігінің 2 тармағы бойынша сотталушы П. ақталды.

Үкім жарияланған күннен бастап 15 тәулік ішінде аудандық сот арқылы Алматы облыстық сотына шағымданып, наразылық білдірілуі мүмкін.

Еске салайық, былтырғы желтоқсан айының соңында "Қазселденқорғау" басшысы Кәрім Көкірекбаев пара алды деген күдікпен ұсталған. Сол кезде қазақстандық БАҚ Көкіребаевтың "BAZIS CONSTRUCTION" – "INFR" ЖШС филиалының директоры Андрей Поплавскийден 800 мың долларға жуық пара алу кезінде ұсталғанын хабарлаған. Мамыр айының соңында Антикор ҚР ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ басшыларына қатысты тергеудің аяқталғанын хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114202-para-aldy-dep-aiyptalgan-qazseldenqorgau-buryngy-basshysy-sotta-aqtalyp-shyqty/