Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Таза Қазақстан" акциясы: ақтөбеліктер сенбілікке шықты

Опубликовано:

Сенбілікте қураған шөптерді жинап жатқан жастар
Сенбілікке шыққан Ақтөбе жастары. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Ақтөбе облысында "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды.

Шара облыстың бүкіл ауданында және қаланың Орталық саябағындағы Тутұғыр аумағында, "Ғашықтар" аллеясында, Триатлон саябағының аумағында және т.б орындарда өтті.

Асхат Шахаров және сенбілікке қатысушылар
Асхат Шахаров және сенбілікке қатысушылар. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Сенбілікке өңір басшысы Асхат Шахаровпен бірге қала әкімі Азамат Бекет, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, "Жасыл ел" еңбек жасақтары атсалысты.

Сенбілікке қатысушылар көлікке ағаш тиіп жатыр
Ақтөбедегі сенбілік. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Асхат Шахаров жасылелдік сарбаздармен әңгімелесу барысында табиғатты аялау маңызды екенін, бұл жұмыстарға жастардың қосар үлесі зор екенін атап өтті. 70-тен аса жас "Ғашықтар аллеясындағы" тротуарларды сыпырып, қураған шөптерді жинады.

Ақтөбедегі сенбілікке шыққан жастар көшедегі қоқысты жинап жатыр
Сенбілік. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Сонымен қатар облыс әкімі Триатлон саябағы аумағын қоқыстан тазартқан бір топ белсендінің қатарына қосылды. Жасыл желектер өсіп тұрған аумақ арамшөптерге, құрғақ шөптерге толып қалған. Бұл орынды 100-ге жуық адам тазалады.

Сенбілікке қатысушылар қураған шөпті қаптарға салып жатыр
Ақтөбедегі сенбілік. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Бүгінгі "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілікте 120 тоннадан аса қоқыс жиналды. Оның бәрін қалалық полигон тегін қабылдайды.

Сенбілік жасап жатқан ақтөбеліктер
Ақтөбедегі сенбілік. Фото: Ақтөбе қаласының әкімдігі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114349-taza-qazaqstan-aktsiiasy-aqtobelikter-senbilikke-shyqty/