43 градусқа дейін ыстық, найзағай, өрт қаупі: синоптиктер күн райына байланысты ескерту жасады
Жарияланған күні:
Ертең, 9 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, жел күшейді, кей өңірлерде аптап ыстық болады деп болжанды. Осыған байланысты "Қазгидромет" мамандары дауылды ескерту жариялады. Бұл жөнінде ұлттық гидрометеорологиялық қызметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ертең Астанада күндіз найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
9 маусымда түнде Ұлытау облысының батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыс бойынша 35-38 градус болатын ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Жексенбі күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 маусымда күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп болжанды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ертең күндіз Түркістан облысының тауында найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
9 маусымда күндіз Павлодар облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды, облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді деп болжанды.
Жексенбі Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.
Синоптиктер ертең түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады деп болжанды.
9 маусымда Қызылорда облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-ке жетеді. Күндіз облыс бойынша 40-43 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.
9-10 маусымда Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 9 маусым күндіз облыстың таулы аудандарында, 10 маусым күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында желдің күші 15-20 м/с болады деп болжанды.
Ертең түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Күндіз облыс бойынша 35 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжанды. Облыс бойынша төтенше өрт қауіпі сақталады.
Жексенді Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғаттын жел солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.
9 маусымда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнайды деп болжанды. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, түнде найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Жексенбі түнде Маңғыстау облысының батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 09 маусымда түнде кей уақыттарда тұман күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады.
9 маусымда күндіз Қостанай облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ертең Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнайды, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде бұршақ жауы, дауыл тұрады деп болжанды. Шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114391-43-gradusqa-deiin-ystyq-naizagai-ort-qaupi-sinoptikter-eskertu-zhasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.