Алматыда монша өртенді (фото)
Жарияланған күні:
Алматыда монша өртенді. Өрт сөндірушілер төтенше жағдай орнына тез арада жетті, деп хабарлайды ТЖМ Telegram желісіндегі ресми арнасында.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Бостандық ауданындағы монша кешендерінің бірінің аумағында орналасқан жеке монша жанған.
Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 35 минутта 30 шаршы метр алаңда өртті ауыздықтаған.
Зардап шеккендер жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114499-almatyda-monsha-ortendi-foto/