Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұрын-соңды кездестірген емеспіз": вице-премьер өңірлерде шегірткенің көбеюіне қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Шегіртке
Шегіртке. Көрнекі фото: pixabay.com

8 маусым күні шегірткенің таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі орталық жедел штаб отырысында вице-премьер Серік Жұманғарин өңірлердегі жағдай туралы баяндамаларды тыңдады, деп хабарлайды премьер-министрдің ресми сайты.

Түркістан облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, қосымша өңдеу 70 бірлік жерүсті техникасының көмегімен жүргізіліп жатыр, оған қоса қосымша 4 ұшақ келген. Қазіргі уақытта барлық қажетті техника көкөніс-бақша дақылдары алқаптарының айналасында шоғырланған. Бүгінгі таңда егістікке зиян келген жоқ. 

Ал Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында шегіртке дернәсілдері көбейе бастаған. Өңдеуге арналған техника дайын. Жалпы облыстың 12 ауданындағы 281 мың гектар жерге 76 техниканы пайдалана отырып химиялық өңдеу жүргізілді.

Шегірткенің пайда болу орындарын тексеру және анықтау үшін 600-ге жуық адам тартылды. Олар – фитосанитариялық инспекция, әкімдік қызметкерлері және уақытша қызметкерлер. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін әкімдікке тағы 14 техника қажет.

Қостанай облысының бес ауданында 29,4 мың га аумақта химиялық өңдеу жүргізілді. Дернәсілдердің көбею орындарына мониторинг жасау және анықтау үшін 129 тексеруші және 326 уақытша қызметкер тартылды. 72 техника әзір тұр. Шегірткеге қарсы күрес жұмыстары фермерлермен бірлесіп жүргізіліп жатыр.

"Біз биылғыдай шегірткенің таралу аймағын бұрын-соңды кездестірген емеспіз. Біз оның таралуының ықтимал салдарын жете бағаламаймыз. АШМ Мемлекеттік инспекция комитетіне барлық рәсімдік мәселелерді дереу аяқтауды және барлық қажетті техниканы аталған өңірлерге жіберуді тапсырамын. Қарбалас уақытта біз штаб отырысын аптасына екі рет өткіземіз", — деп түйіндеді Серік Жұманғарин. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114574-buryn-songdy-kezdestirgen-emespiz-vitse-premer-ongirlerde-shegirtkening-kobeiuine-qatysty-pikir-bildirdi/