jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Павлодар МХЗ 17 маусымнан бастап жұмысын уақытша тоқтатады

Павлодар мұнай-химия зауыты
Павлодар мұнай-химия зауыты. Фото: pnhz.kz

Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы алдын алу жұмыстарына байланысты 17 маусымнан бастап жұмысын уақытша тоқтатады. Аталған шара 1 айға жалғасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АК сайтына сілтеме жасап.

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АК мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың бес айында ПМХЗ шамамен 2,5 млн тонна шикізатты қайта өңдеп, шамамен 730 мың тонна бензин, 807 мың тонна дизель өндірген.

Ал Битум бойынша өндіріс көлемі 130 мың тоннаны, мазут бойынша 217 мың тоннаны, сұйытылған газ бойынша 147 мың тоннаны, авиаотын бойынша 113 мың тоннаны құраған. Зауыт көптеген көрсеткіш бойынша жоспардың асыра орындалғанын көрсетіп отыр.

"ПМХЗ-ның тұрақты және сенімді атқаратын қызметі ішкі нарықты әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Қауіпсіздік техникасы талаптарының барлық нормаларын сақтай отырып, 2024 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарын бекітілген мерзімде сапалы жүргізуді қамтамасыз ету қажет", - деп атап өтті Асхат Хасенов жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсыра отырып.

"ҚазМұнайГаз" ҰҚ АК өкілдері еліміздегі мол жанар-жағар май қорының қалыптасуына байланысты ЖААЖ өңірлерді мұнай  өнімдерімен қамтамасыз етуге әсер етпейтінін де айтты.

Павлодар МХЗ 17 маусымнан бастап жұмысын уақытша тоқтатады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.