Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

40 градусқа дейін ыстық, бұршақ пен найзағай: Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

қолшатыр ұстаған тұрғын
Қолшатыр ұстаған тұрғын. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ертең, 10 маусым күні Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық болады. Осыған байланысты "Қазгидромет" РМК бірнеше облыста дауылдық ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, 10-11 маусым күні Алматыда 35-36 градусқа дейін аптап ыстық болады, ал Астанада найзағай ойнап, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысында да 35 градусқа дейін ыстық күтіледі. Ал Қызылорда облысында термометр бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі.

10 маусымда Ұлытау, Қарағанды, Павлодар, Абай , Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Ал жел секундына 15-20 метр ұйытқиды.

Ертең Ақмола, Атырау, Қостанай және Маңғыстау облысында да жауын-шашын болуы ықтимал.

Синоптиктер болжамына сәйкес, Жетісу облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды, ал Талдықорғанда күн 34-36 градусқа дейін ысиды.

Жауын-шашынға қарамастан, Қазақстанның шамамен барлық өңірінде аптап ыстыққа байланысты дауылдық ескерту жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114616-40-gradusqa-deiin-ystyq-burshaq-pen-naizagai-qazaqstannyng-birqatar-ongirinde-dauyldyq-eskertu-zhariialandy/