Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде балаларды енді спорт секцияларына жаңа тәртіппен қабылдайды

Опубликовано:

Дене шынықтыру сабағы
Спорт залы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда спорт секцияларына қабылдау тәртібі өзгерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Туризм және спорт министрлігі 2024 жылғы 17 мамырдағы бұйрықпен балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларына мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидаларына өзгерістер енгізді.

Енді спорт секциясына қабылдау кезегі ақпараттық жүйеде автоматты режимде жүргізіледі. Сондай-ақ балаға ваучер алу тізімі баланың және заңды өкілдің аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда), спорт секциясының түрі, өтініш берген кездегі дәлме-дәл уақыты көрсетілген нөмірі, кезектегі реттік нөмірі, ақпараттық жүйе ұсынған орындар тізімінен тұрады.

Министрлік мәліметінше, кезек балалардың заңды өкілдерінің берген өтініші негізінде баланың жас шектеулері ескеріле отырып, өнім берушінің әрбір спорт секциясы бойынша жеке құрылады.

Сонымен қатар ішкі істер органдарында есепте тұрған девиантты мінез-құлықты балаларға ақпараттық жүйеде басымдық беріледі. Осы норманы қосу арқылы ережелер "Білім туралы" заңның 47-бабының 5-1-тармағына сәйкестендірілген.

Бұдан бөлек, заңды өкілдердің өтінішті қайтарып алуына байланысты немесе ваучерді алу және балалардың кезектен шығуы себебінен кезек азаяды.

"Кезекте орын ауыстыруға жол берілмейді. Бұл түзетулер нормативтік құқықтық актіні ақпараттық жүйенің қолданыстағы функционалына сәйкес келтіру үшін енгізілді. Мәселен, қазір іс жүзінде кезекте баланың және заңды өкілінің аты-жөні, өтініштің берілген күні, спорт секциясының түрі, кезектегі реттік нөмірі көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114682-elimizde-balalardy-endi-sport-sektsiialaryna-zhanga-tartippen-qabyldaidy/