jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Адамдарды ұрлап, мүлкін тартып алған": ІІМ мен ҰҚК арнайы операция жүргізді (видео)

Күдіктілерді ұстау
ІІМ мен ҰҚК жүргізген арнайы операция. Видеодан кадр: polisia.kz

Қызылорда қаласында ІІМ және ҰҚК өкілдері Бас прокуратураның үйлестіруімен аймақтағы криминогендік жағдайға кері әсер еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, күдіктілерге қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген.

"Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу криминалдық байланыстарының көп болғанынан қиынға соқты.

Топ мүшелері мақсатын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан", - дейді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ өкілдері қазіргі таңда барлық факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

"Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді Қуандық Алпыс.

"Адамдарды ұрлап, мүлкін тартып алған": ІІМ мен ҰҚК арнайы операция жүргізді (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.