Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелде жұмыс істегісі келетін қазақстандықтар қанша ақша жұмсауға дайын болуы керек

Опубликовано:

Ақша салынған әмин
Ақша салынған әмиян ұстаған ер адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстандықтарды әртүрлі себеппен шетелге жұмыс істеуге барғысы келеді. Алайда бұл мақсатқа жету үшін қомақты қаражат қажет болуы мүмкін. Шетелде жұмсы істеуге шамамен қанша қаржы кететінін KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Еңбек миграциясы көптеген елде, соның ішінде Қазақстанда да жиі кездеседі

Finprom.kz сайтының мәліметінше, 2023 жылы 194 мыңға жуық қазақстандық шетелде жұмыс істеген. Оның 57 пайызы ерлер болса, 43 пайызы – әйелдер. Сонымен қатар еңбек мигранттарының басым бөлігі Қостанай облысының тұрғындары екені мәлім болды.

2023 жылы 163 мың қазақстандық Ресейге жұмыс істеуге барған. Сонымен қатар Польшаға 13 мың адам, Оңтүстік Кореяға 6 мың адам, Ұлыбританияға 5 мың адам, басқа елдерде 7 мың адам нәпақа табуға барған.

Қазақстандықтар географиялық жағынан жақындығы, визалық режим, тіл және тағы басқа мәселелерге де байланысты Ресей Федерациясына көбірек барған.

Шығындар мен жалақы құнына байланысты да айырмашылықтар бар.

Жалақы және көшу шығындары

Ресейге сапар қазақстандықтардан ең аз шығынды талап етуі мүмкін. Дегенмен ұсынылған жалақы басқа елдерге қарағанда төмен болады:

  • сату жөніндегі менеджер – 300 мың теңгеден 986 мың теңгеге дейін;
  • сұрыптаушы – 486 мың теңге;
  • тамақ өндірісінің қызметкері – 455 мың теңге;
  • солтүстік өңірлердегі жинаушы (теруші) – 600 мыңнан 1,2 млн теңгеге дейін.

Салыстырмалы түрде алсақ, Қазақстандағы орташа жалақы – 382 279 теңге.

Егер басқа елді таңдаса, көп құжат толтырып, ұшақ арқылы қатынауы мүмкін. Тиісінше, еңбек мигранттарының шығыны да артады.

Мысалы, Германияда, Ұлыбританияда және Польшада жұмыс істеу баруға жұмсалатын шығын:

  • алты айға шенген визасы – 970 мың теңгеден басталады;
  • әуе билеттері – 200-270 мың теңге;
  • медициналық сақтандыру – шамамен 130 мың теңге.

Жұмысқа орналасу шығыны шамамен 1,4 миллион теңге болуы мүмкін. Бірақ жалақының да әртүрлі болатынын ескерген жөн.

"Еуропа елдерінде ұсынылып отырған табыс тіпті төмен білікті жұмыс күші санатында жоғары болуы мүмкін. Мысалы, Ұлыбританияда фермада құлпынай теруші болып жұмыс істей отырып, сіз айына 737 мыңнан 1,3 миллион теңгеге дейін таба аласыз (тәулігіне 8-ден 12 сағатқа дейін жұмыс істейді)", - делінген дереккөзде.

Бұл мәліметтерді шетелде жұмысқа орналастыру үшін ресми түрде жұмыс істейтін компаниялар ұсынған. Олар әдетте толық қолдау көрсетіп, көмек беруге уәде етеді.

Бұл жағдайда алаяқтыққа ұрынатындар да көп, сондықтан мұндай қызмет ұсынатын компанияларды мұқият зерделеу маңызды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114781-shetelde-zhumys-istegisi-keletinder-qansha-aqsha-zhumsauga-daiyn-boluy-kerek/