Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шетелден келген сәлемдеме үшін Алматы облысының тұрғыны қамауға алынды (видео)

Опубликовано:

Тәркіленген есірткі өнімдері
Тәркіленген есірткі өнімдері. Фото: t.me/afm_rk

Алматы облысы Іле ауданындағы "Казпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған сәлемдемемен есірткі келген. Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, Алматы облысы Іле ауданындағы "Казпошта" АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі – каннабис экстракты (гашиш майы) салынған сәлемдеме келіп түскені анықталды.

Сәлемдемені қабылдаушы бұрын есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін сотталған ер адам болып шықты.

"Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтар, зип-пакеттер және тағы басқа заттар табылды.

Күдікті сот шешімімен қамауға алынды, тергеу амалдары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі Қылмыстық процестік 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейтінін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114874-shetelden-kelgen-salemdeme-ushin-almaty-oblysynyng-turgyny-qamauga-alyndy-video/