Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор өкілдері Ақтау қалалық сотының төрағасы қандай күдікпен ұсталғанын айтты

Опубликовано:

Қолына кісен салынған ер адам
Қолына кісен салынған ер адам. Фото: Hirkophoto/Getty Images

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қылмыстық-процестік кодекстің 550-бабына сәйкес Бас прокурормен келісілген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі Ақтау қалалық сотының төрағасын ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Антикорға сілтеме жасап хабарлайды.

"Ол сенімді адамы – Ақтау қаласының тұрғыны арқылы сотталушыдан оған қатысты бас бостандығынан айырудан басқа жазаға үкім шығару сылтауымен 18 млн теңге көлемінде ақшалай қаражат алған.

Жоғарыда аталған қылмысқа қатысушы қамауға алынып, Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Құзырлы орган Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын мәлім етті.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2114892-aqtau-qalalyq-sotynyng-toragasy-ustaldy-antikor-pikir-bildirdi/