jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматы маңында тойға келген қонақтар әуеге оқ атқан (видео)

Ер адамдар аспанға оқ атқалы дайындалып тұр
Тойға келгендер аспанға от атқан. Видеодан кадр: t.me/egovpress

Талғар ауданында тойға келген қонақтар атыс қаруынан көшеде әуеге оқ атқан. Полицейлер видеоға назар аударып, пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасында жарияланған кадрларда тойға көп адам келгенін байқауға болады. Бұл жайт Алматы облысы Талғар ауданындағы жеке үйлердің бірінің жанында болған.

Той кезінде көшеде тұрған бірнеше ер адам әуеге оқ атқаны видеоға түсіп қалған.

Видеоға облыстық полиция департаменті өкілдері түсінік берді.

"Құқықбұзушыларды анықтау бойынша қажетті шаралар қабылданып жатыр. Олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.

Алматы маңында тойға келген қонақтар әуеге оқ атқан (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.