Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазсушардың" басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды

Опубликовано:

Гидротехникалық құрылыс
Гидротехникалық құрылыс. Көрнекі сурет: qazsu.kz

Жоғары аудиторлық палата тексерісінің қорытындысы бойынша "Қазсушардың" басшылық лауазымындағы 5 қызметкері жауапкершілікке тартылды. KAZ.NUR.KZ бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Су ресурстары және ирригация министрлігі мен Жоғары аудиторлық палата жүргізген тексерістің қорытындысы бойынша заңбұзушылыққа жол берген "Қазсушардың" басшылық лауазымындағы 5 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Тексеріс соңына қарай "Қазсушар" бас директорының м.а. лауазымынан босатылды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ, жобаларды іске асыру бөлімі мен гидротехникалық құрылыстарды пайдалану бөлімінің басшылары, Жетісу облысы бойынша филиал директоры, Жетісу облысы бойынша филиалдың бас инженері және Ақтөбе филиалының директоры жауапкершілікке тартылған.

"Қазсушардың" басшылық лауазымдағы қызметкерлерін жауапкершілікке тарту Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің құзыретіне кіреді. Жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат Жоғары аудиторлық палатаға жіберілді", - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Кәсіпорын сайтындағы мәлімет бойынша, "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетіне қарайды.

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады.

Жарғы негізінде "Қазсушар" РМК басты қызметі республикалық маңызы бар су шаруашылығы объектілерін ұстау, пайдалану, сондай-ақ мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты міндеттерді орындайды. Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты – кәсіпорын теңгеріміндегі гидротехникалық құрылыстар мен кешенді мақсаттағы су қоймаларын, магистральдық су құбырлары мен өзге су шаруашылығы объектілерін ұстау, пайдалану және қалпына келтіру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115006-qazsushardyng-basshylyq-lauazymyndagy-5-qyzmetkeri-zhauapkershilikke-tartyldy/