Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда автобустағы ер адам зейнеткердің алқасын шешіп алмақ болған (видео)

Опубликовано:

Әжейдің күртешесінің қалтасына қол сұққан адам
Ер адам мен қарт әйел. Видеодан кадр: t.me/qumash_kz

Алматыда автобус ішінде белгісіз ер адам жолаушылардың бірінің мойнындағы алқасын шешпек болған, бірақ ол видеоға түсіп қалды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Telegram-дағы Qumash арнасында жарияланған. Видеодан қарт әйелдің артында ер адам отырғанын көруге болады. Жолаушының бір қолы алдыңғы орындықта болған, ал қолы күртешемен жабылған.

Дереккөз ақпараты бойынша, видеоны Алматыдағы автобус жолаушыларының бірі түсіріп алған. Видео авторының айтуынша, күдікті қарт әйелдің мойнында ілулі болған алтын алқасын ұрламақ болған.

"Тіркелушіміздің айтуынша, ол жалғыз болмаған. Сыбайласы ұрыға жасырынып отыруға көмектескен. Ұры әуелі қарт әйел оның қолын сезе ме, жоқ па, білгісі келген, кейін оның күртешесінің қалтасына қолын ссалған. Бірақ оны біреу жасырын түрде видеоға түсіріп отырғанын байқаған кезде ол бірден сыбайласымен бірге келесі аялдамада түсіп қалды", - деп жазылған видеоның сипаттамасында.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктіні анықтады.

"Бөтеннің мүлкін ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны ұстау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Күдікті міндетті түрде жауапқа тартылады", - деп сендірді тәртіп сақшылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115096-almatyda-avtobustagy-er-adam-zeinetkerding-alqasyn-sheship-almaq-bolgan-video/