Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Миллиардтаған ақша қайда кетті": депутат Қазақстандағы ақылы онкологиялық емдеуге қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Телефон ұстап отырған дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: fizkes / Getty Images

Бүгін көшпелі отырыста мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова қазақстандықтардың онкология дәрігерінің қабылдауына кіру үшін бірнеше ай күтуге мәжбүр болатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Гүлдара Нұрымова 42 жастағы әйелдің оқиғасын мысалға келтірді.

"Жас әйел, жалғызбасты ана 4 жасар қызын асырап отыр, әкесі мүгедек және бәрінен ақылы түрде өтіп жатыр. Сонда өткен жылы миллиардтаған ақша қайда кетті? Былтыр сәуірде оған сүт безінің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Ол тексеруден өткен болатын – ПЭТ КТ, МРТ – ақылы, операцияға квота алмаған – оны ақылы түрде өтті, барлық гистологиялық зерттеуден де ақылы түрде өтті, тамоксифенді де әлі күнге дейін ақылы алып жатыр және онкология дәрігерлерінің қабылдауына жазылу бойынша бірталай қиындықтарға тап болып отыр. Оны да ақылы түрде өтіп жатыр.

Сонда қарапайым науқастар қабылдауға жазыла алмаса, ақша қайда кетіп жатыр? МРТ, дәрігердің кеңесі үшін бес ай кезекте тұру керек, бірақ үлкен кезек жоқ", - деді ол.

Нұрымованың айтуынша, бұл ретте қатерлі ісік асқынғаны анықтала бастайды.

"Сонымен қатар бұл ӘМСҚ (Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – ред. ескертпесі) немқұрайлы жұмысының нәтижесі екенін ашық айту керек – олар жыл сайын есеп-шоттарында бөлінген қаражатты ұстап, ақшаны тек жыл соңында жібереді. Ал қазір олар әлі қаржы келіп түспегенін айтты.

Қатерлі ісікке шалдыққандардың ауруын алдын алу мақсатында дер кезінде анықталмай жатқаны талай айтылып келеді – бұл да Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаржыны уақытылы бермеуінің салдарынан туындаған мәселе. Сондықтан мен Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жоғарғы аудиторлық палатасының кейінгі үш жылдағы жұмысын тексеруді ұсынамын", - деп қосты депутат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115126-milliardtagan-aqsha-qaida-ketti-deputat-qazaqstandagy-aqyly-onkologiialyq-emdeuge-qatysty-pikir-bildirdi/