Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шілдеден бастап елімізде сұйытылған мұнай газының бағасы өзгереді

Опубликовано:

Мұнай өндіру ұңғымасы
Мұнай өндіру ұңғымасы. Көрнекі фото: pixabay.com

1 шілдеден бастап Қазақстанда сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарланып отыр. Энергетика министрінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған, деп хабарлайды ведомство сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство ақпараты бойынша, елімізде 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасына өзгеріс енгізілмек. Бұл шараны қабылдау қажеттілігі мынадай себептерге байланысты:

  1. Бүгінгі таңда сұйытылған мұнай газының бағасы оны өндірудің өзіндік құнынан әлдеқайда төмен. Осылайша СМГ өндірісінің өзіндік құны тоннасына 60 мыңнан 70 мың теңгеге дейін өзгереді. Ал өңдеуші зауыттар үшін қолданыстағы шекті көтерме баға тоннасына 40 320 теңге. Осылайша өндірілген әрбір тонна газдан зауыттар 20-30 мың теңге көлемінде шығынға ұшырайды.
  2. Жылдан жылға азаматтар сұйытылған мұнай газын (СМГ) көп тұтына бастағаны байқалды. Былтыр Қазақстанда тұтыну көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 400 мың тоннаға немесе 28 пайызға өскен болатын. Мәселен 2023 жылы СМГ тұтыну көлемі 2,2 млн тонна (2022 жылы 1,8 млн тонна) болған. Төмен бағаларға байланысты СМГ өндірісінің тұтынуы мен рентабельділігі артқандықтан, бұл отын түрінің өндірісі төмендеп, кейбір өңірлерде тапшылық пайда болды. Қазіргі таңда тапшылық деңгейі шамамен 20-25 пайызға жеткен.
  3. СМГ бағаны одан әрі тежеген жағдайда қазақстандық өндіруші зауыттарда ішкі нарықтағы сұранысты қанағаттандыру үшін өндіріс көлемін ұлғайту мүмкіндігі болмайды. Залалдылықтың салдарынан зауыттар тиімдірек өнімге ауыса отырып, СМГ өндірісіне қызығушылығын жоғалтып жатыр. Осыған байланысты инвесторлар да салаға инвестиция құйғысы келмейді.
  4. Қазақстанның басым бөлігінде СМГ бағасы ең төмен елдердің бірі болып саналады – аймаққа байланысты шамамен 54-тен 86 теңгеге дейін құбылады. Салыстырсақ, Ресейде бір литр газдың бағасы – 132 теңге, Әзербайжанда – 171 теңге, Тәжікстанда – 273 теңге.

Сарапшылардың болжамынша, 2024 жылы ішкі нарықта тұтыну көлемі тағы 200 мың тоннаға артып, 2,4 млн тоннаға жетеді. Бұл ретте газ тапшылығы 30-40 пайызға жетуі мүмкін.

Сондай-ақ өндіруші зауыттар сұйытылған газ өндірісінің деңгейін ұстап тұру мақсатында бағаны түзету туралы мәселелер мен өтініштерді бірнеше рет көтерген болатын.

"Аталған тәуекелдерді болдырмау мақсатында биыл 1 шілдеден бастап сұйытылған мұнай газының бағасын түзету жоспарланып отыр. Мәселен сұйытылған мұнай газының бір тоннасы үшін шекті көтерме баға 45 158 теңге тұрады. Айта кетейік, бұған дейін оның бағасы 40 320 теңге болған еді. Бұл ретте шекті бөлшек сауда бағасы өңірге байланысты литріне 5-тен 8 теңгеге дейін аздап өседі", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115186-shildeden-bastap-elimizde-suiytylgan-munai-gazynyng-bagasy-ozgeredi/