Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел мен бала өтіп бара жатқан: Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде кіреберіс төбесінің бір бөлігі опырылды (видео)

Опубликовано:

Астанада тұрғын үйлердің бірінде кіреберістегі төбе опырылды
Астанада тұрғын үйлердің бірінде кіреберістегі төбе опырылды. Фото: instagram.com/astana_brothers

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде төбенің бір бөлігі опырылғаны видеоға түсіп қалған. Кіреберістің төбесі опырылып түскен кезде сол жерден әйел мен бала өтіп бара жатқан. Бұл жайтқа қалалық Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы түсінік берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кадрлармен видеолар Instagram-дағы Astana_brothers паблігінде жарияланған. Кадрларда төбеден су ағып жатқаны және әйел мен бала баспалдаққа жақындаған сәтте жоғарыдан гипсокартон құлап кеткенін көруге болады.

Автор видеоның Астанадағы "Көктем" тұрғын үй кешенінің бесінші подъездің кіреберісінде түсірілгенін атап көрсетті. Оның айтуынша, тұрғындар құрылыс компаниясының сапасыз жұмысына шағымданған. Бірінші қабатқа су кірген.

Сонымен қатар ғимаратты су кіргені түсірілген бірнеше видеолар да бар.

Елордалық ТЖД кіреберістегі төбенің әйел мен баланың үстіне құлағаны туралы ешкім хабарлаған жоқ деп мәлім етті.

Бұл видеоға Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы өкілдері пікір білдірді.

Ведомство 2024 жылғы 18 наурызда құрылыс компаниясы "Sayran Социал" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізгенін хабарлады.

"Тексеру қорытындысы бойынша құрылыс салушыға жол берілген бұзушылықтарды жою туралы 2024 жылғы 28 наурызда бұйрық шығарылды. Осы бұйрық талаптары орындалмағандықтан, басшылық материалды орындау үшін сот органдарына жіберді. Қазіргі уақытта бұйрықтың талабын орындау туралы талап арызы бойынша іс 2024 жылғы 4 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының өндірісіне қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115213-aiel-men-bala-otip-bara-zhatqan-astanadagy-turgyn-ui-keshenderining-birinde-kireberisting-tobesi-opyryldy-video/