Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жағаға жете алмаған: Бұқтырма су қоймасында 4 бала суға батып кете жаздады

Опубликовано:

Бұқтырма су қоймасы
Бұқтырма су қоймасы. Видеодан кадр: ТЖМ

Бүгін, 10 маусымда ШҚО Самар ауданының Құлынжон ауылдық округіндегі Бұқтырма су қоймасында шомылу кезінде ересектердің қарауынсыз қалған 4 бала суға батып кете жаздады. Құтқарушылар мен куәгер суға батып бара жатқан балаларға көмекке келді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Көмекке келген ТЖМ құтқарушылары Нұржан Жолжақсынов, Әсет Тұрсынов, Саян Ерназ және куәгерлердің бірі 2008, 2012, 2011 және 2010 жылы туған балаларды судан алып шықты

Құтқарушы Нұржан Жолжақсынов құтқару шеңберінің көмегімен 2011 жылы туған баланы судан шығарып алды. Оның әріптестері Әсет Тұрсын, Саян Ерназ қайықпен басқа балаларға жағаға жетуге көмектескен.

Осы сәтте куәгер Асылан Нұрекенов құтқарушыларға көмектесіп, балаларға дейін жүзіп, оларға құтқару шеңберін лақтырды.

ТЖМ азаматтардан судағы қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

"Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Жабдықталмаған жерлерде шомылуға болмайды. Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет", - деді ТЖМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115231-zhagaga-zhete-almagan-buqtyrma-su-qoimasynda-4-bala-suga-batyp-kete-zhazdady/