Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор өкілдері Қазақстанда жол жөндеу саласында жемқорлар миллиардтаған "табысты" қалай табатынын айтты

Опубликовано:

Тас жолындағы шұңқыр
Жолдағы шұңқыр. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Антикор жол құрылысы саласындағы жемқорлық қатері бойынша талдау жүргізеді. Соңғы бірнеше жылда шығын миллиардтаған теңгеге жеткен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Антикордың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, биыл 10 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Көлік министрлігімен бірлескен отырысы өтті. Отырыс барысында жол құрылысы саласындағы жемқорлық қатеріне бірлескен сыртқы талдау жүргізілетіні айтылды.

Соңғы бірнеше жылда жол құрылысы саласындағы жемқорлық әрекеттерінің салдарынан келген шығын миллиардтаған теңгеге жеткені мәлім болды.

Жемқорлық салдарынан елге қанша шығын келтірілді

Ведомство ақпараты бойынша, соңғы 3,5 жылда 64 жемқорлық құқық бұзушылық тіркеліп, 70 адам әшкереленген, 38 адам сотталды.

Келтірілген залал сомасы 8,8 млрд теңгеге жеткен. Көбіне парақорлық, жымқыру, сондай-ақ лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану сынды қылмыс түрлері тіркелген.

"Жол жұмыстары сапасының төмендігі құрылыстың барлық кезеңдерінде (бюджеттік жоспарлау, жобалау, сметалық жоспарлау, жобалық-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасы, техникалық қадағалау, қабылдау, пайдалануды бақылау) жүйелі жемқорлық тәуекелдеріне байланысты...

Талдау нәтижелері бойынша жол құрылысының барлық кезеңінде жемқорлық тәуекелдерін жою және жолын кесу күтілуде. Ғылыми қауымдастықпен бірлесіп құрылыстың жаңа технологияларын енгізу тетіктері әзірленіп, ұсынылатын болады, деп атап өтті Асхат Жұмағали", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115408-antikor-qazaqstanda-zhol-zhondeu-salasynda-zhemqorlar-qalai-milliardtagan-tabys-tabatynyn-aitty/