"ШҚО-ны бөліп алғысы келген": билікті күшпен басып алуға үгіттеген екі тұрғын сотталды
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны билікті басып алуға және сепаратистік әрекеттерге үгіттегені үшін 5 жылға сотталды. Бұл туралы ШҚО прокуратурасы ресми сайтында хабарлады.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, Өскемен қалалық №2 сотының шешімімен Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұлттық және әлеуметтік араздықты тудыратын жарияланымдар мен үгіт-насихат жасағаны үшін сотталды.
"Тергеу барысында аталмыш тұлғалар 2024 жылдың ақпан айында интернет-ресурстарды (чат-рулетка) пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысын Қазақстан Республикасынан бөлу мақсатында референдум өткізу қажеттігі туралы сенімдері мен идеяларын білдіргені белгілі болды. Референдумда оң нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда облысты күштеп басып алуды насихаттады", - делінген хабарламада.
Айыпталушылар өз кінәсын толық мойындап, өкінетінін айтты.
Мемлекеттік айыптаушы сотта олардың әрқайсын 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сот айыптаушының өтінішін қабылдады.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115495-shqo-ny-bolip-algysy-kelgen-bilikti-kushpen-basyp-aluga-ugittegen-eki-turgyn-sottaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.