Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан бірлесіп ГЭС салуды бастайды

Жарияланған күні:

ГЭС құрылысы
ГЭС құрылысы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның энергетика министрлері Қамбар ата ГЭС-1 жобасын бірлесіп жүзеге асыру үшін келісімге қол қойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Энергетика министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Дүйсенбіде Венада (Аустрия) Қырғызстанның Дүниежүзілік банкпен және Австрия үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған Халықаралық энергетикалық инвестициялық форумы басталды.

"Форумның негізгі тақырыптарының бірі Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс жобасы болды. Осы жобаны жүзеге асыруға арналған арнайы сессия аясында Қазақстан энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, Қырғыз Республикасының энергетика министрі Талайбек Ибраев және Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Қамбар ата ГЭС-1 құрылыс және пайдалану жобасын дайындау бойынша ведомствоаралық келісімге қол қойды", - делінген хабарламада.

Алдын ала ережелер арасында: Қырғыз Республикасының аумағында келесі жобаға қатысу үлесімен және Қоғамның жарғылық капиталына қатысумен жоба аясында жеке акционерлік қоғам құру:

  • Қырғызстан тарабы– 34 пайыз;
  • Қазақстан тарабы – 33 пайыз;
  • Өзбекстан тарабы – 33 пайыз;
  • мемлекеттер тарапынан анықталған көлемде өндірілетін электр энергиясын кепілді сатып алу және тағы басқа бар.

Сонымен қатар Халықаралық форумға қатысу аясында Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда электр энергетикасы жобаларын жүзеге асыру үшін инвесторларды тартуға бағытталған бірқатар кездесулер өткізді. Атап айтқанда, Австрия өнеркәсіпшілер қауымдастығының президенті, Siemens Austria компаниясының өкілдері, Gas Connect Austria және басқалармен кездесті.

Сондай-ақ энергетика министрі Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдерімен сұхбаттасты.

Әңгіме барысында министр Қазақстанның энергетика саласындағы жаңа стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға ашық және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115561-qazaqstan-qyrgyzstan-zhane-ozbekstan-birlesip-ges-saludy-bastaidy/