Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау базарында соққыға жығылған ер адам қайтыс болды (видео)

Опубликовано:

Оқиға орны
Оқиға болған жер. Видеодан кадр: azh.kz/

Бүгін, 11 маусымда әлеуметтік желіде Атыраудағы базарлардың біріндегі бейнебақылау камерасынан ер адамдар арасындағы жанжал түсірілген видео тарады. Атырау облыстық полиция департаментінің өкілдері дене жарақатын алған адам қаза тапқанын мәлім етті, деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Басылым мәліметінше, Атырау облыстық полиция департаменті өкілдері бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамауға алынды. Жәбірленуші ауруханада алған дене жарақаттары салдарынан қаза тапқан", - деп түсіндірді полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115621-atyrau-bazarynda-soqqyga-zhygylgan-er-adam-qaitys-boldy-video/