Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы ауруханасындағы АИТВ жұқтыру дерегі: министр бұрынғы бас дәрігердің ендігі мансабы туралы айтты

Жарияланған күні:

Телефон ұстап отырған дәрігер
Медицина қызметкері. Көрнекі фото: fizkes / Getty Images

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова бүгін министрлер кабинетінде өткен брифингте Алматы орталық клиникалық ауруханасында АИТВ індетін жұқтырған науқастардың жағдайы және бұрынғы бас дәрігер Нариман Табынбаевтың ендігі мансабы туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақмарал Әлназарова бұл іске қатысты тергеу жұмыстары аяқталуға жақын екенін мәлімдеді.

"Ол кезде бас дәрігер жұмыстан босатылды, ол бүгінде зейнет жасында. Бірақ дәрігер мамандығымен (пайдалы болу үшін – ред. ескертпесі), зейнетке шыққаннан кейін де жұмыс істей алады.

Басшылықта қызмет етуге мүмкіндік бар деп ойламаймын. Бірақ, жалпы дәрігер, ғалым ретінде ол өз қызметін толықтай жалғастыра алады", - деді Әлназарова.

Алматыдағы АИТВ-инфекциясын жұқтыру жағдайы

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында үш пациенттен АИТВ инфекциясы анықталған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі аталған факті бойынша тексеру жұмыстарын бастаған еді.

Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша АИТВ-инфекциясын таратқан болуы мүмкін пациент анықталған.

Сондай-ақ Алматыда үш пациенттің АИТВ-инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша эпидемиологиялық тексеру аяқталған болатын.

Оның қорытындысы бойынша Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері жұмыстан шеттетіліп, тағы бірнеше қызметкер қызметінен босатылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115642-almaty-auruhanasyndagy-aitv-zhuqtyru-deregi-ministr-buryngy-bas-darigerding-endigi-mansaby-turaly-aitty/