Алматы әкімдігін, Президент резиденциясын басып алу ісі: Қаңтар оқиғасы бойынша 11 адамға сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2022 жылғы қаңтар оқиғасына қатысқан 11 сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Алматы соттарына сілтеме жасап хабарлайды.
11 сотталушыға қатысты қылмыстық іс жаппай тәртіпсіздіктер мен шабуылдарға қатысқандарына, күзетілетін объектілер және оларды басып алу, сондай-ақ билік өкілдеріне қарсы зорлық-зомбылық қолдану дерегі, Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі, 380-бабы 3-бөлігі, 269-бабы 3-бөлігі, 1-4-8 тармақтары бойынша қаралды.
Сот 2022 жылғы 4-5 қаңтарда сотталушылар жаппай тәртіпсіздіктерге қатысып қорғалатын объектілерге – Алматы қаласының әкімдігіне, Президент резиденциясына, полиция басылымына заңсыз кіргенін анықтады. Сотталушылардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мүліктер қираған.
Тәртіпсіздік барысында үш сотталушы қоғамдық тәртіп орнату жөнінде шаралар қабылдаған әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне зорлық-зомбылық көрсеткен.
Ал сотталушылардың біреуі екі әскери курсантты тұтқынға алып, оларға жеңіл дене жарақаттарын салған.
Сотталушылар кінәсін ішінара мойындады.
Аталған қылмыстар ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатады.
Жаза тағайындау кезінде сот жауапкершілікті жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушылардың кәмелетке толмаған балаларының болуын, денсаулық жағдайларын, отбасылық жағдайларын және бұрын сотты болмағанын ескерді.
Осылайша сот 10 сотталушыны Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі, 380-бабы 3-бөлігі, 269-бабы 3-бөлігі, 1-4-8 тармақтары бойынша кінәлі деп тапты. "Рақымшылық туралы" заңы қолданыла отырып, олардың әрқайсысы 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.
Бір сотталушы Қылмыстық кодекстің 272-бабы 2-бөлігі, 380-бабы 3-бөлігі, 1-4-8 тармақтары, 269-1-бабы 3-бөлігі, 261-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, оған "Рақымшылық туралы" заңы қолданыла отырып, бір сотталушы 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115654-almaty-akimdigin-basyp-alu-isi-zhappai-tartipsizdikke-qatysqan-11-adamga-qatysty-sot-ukimi-shyqty/