Найзағай мен жаңбыр: Алматы әуежайы рейстер кешігуі мүмкін екенін ескертті
Жарияланған күні:
Алматы халықаралық әуежайының өкілдері қаладағы қолайсыз ауа райына байланысты рейстер кешігуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Дауылдық ескертуге байланысты сағат 14:40-тан сағат 19:00-ге дейін қолайсыз ауа райы күтіледі: жел 15 м/с, көріну қашықтығы 2500 м, күн күркіреп, жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады. Ұшу немесе қону туралы шешімді әуе компаниясының экипажы шығарады", - деп хабарлады Алматы әуежайының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне.
Air Astana өкілдерінің хабарына қарағанда, ауа райының қолайсыздығына байланысты Бангкоктан ұшып келген ұшақ бірден қона алмаған.
"КС 932 Бангкок-Алматы рейсін орындаған ұшақ Алматы әуежайына қонар кезде найзағай мен желдің күшеюіне байланысты қона алмай екінші айналым жасады. Ұшақ екінші әрекетте қонды", - деп хабарлады әуе компаниясының өкілдері.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115729-naizagai-men-zhangbyr-almaty-auezhaiy-reister-keshigui-mumkin-ekenin-eskertti/