Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Клиникалық өлім жағдайында": Жамбыл облысында сарбаз комаға түсті

Жарияланған күні:

Дәрігер жұмыс кезінде
Аурухана. Көрнекі фото: pexels.com

Жамбыл облысы Қордай ауданында мерзімді әскери қызметші клиникалық өлім жағдайында ауруханада жатыр. Дәрігерлердің сөзінше, қазіргі таңда жігіттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, науқас Қордай аудандық орталық ауруханасына 9 маусымда сағат 08:18-де Гвардейск әскери госпиталінен жедел медициналық көмек көрсетілуі үшін "полисегментарлық пневмония" диагнозымен түскен.

"Жігітке оң жақ плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок, сепсис, органдар жетіспеушілігі синдромы, мидың гипоксиялық ісінуі, 2-3 дәрежелі церебралды кома диагнозы қойылған", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, жігіт 9 маусымнан бері клиникалық өлім жағдайында.

"Қазіргі таңда науқастың жағдайы тыныс алу, жүрек, гепатореналды, церебралды органдардың жеткіліксіздігі және инфекциялық токсикалық шокқа байланысты өте ауыр", - деді дәрігерлер.

Науқас гемофильтрациядан өтетіні және оған дәрі-дәрмек тағайындалатыны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115753-klinikalyq-olim-zhagdaiynda-zhambyl-oblysynda-sarbaz-komaga-tusti/