Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік министрі сыбайлас жемқорлықпен ұсталған қызметкерлері туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында
Министр Марат Қарабаев үкімет отырысында. Фото: primeminister.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев ведомствода өткен брифингте қарамағындағы қанша қызметкер жемқорлықпен ұсталғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Марат Қарабаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап көлік министрі қызметі атқарып келе жатқанын еске салды.

"Бір жарым жылдан астам уақыт ішінде "ұстап" алған жоқпын. Ал нақты өткен кезеңдегі жұмыстан босатылған "ҚазАвтоЖол" АҚ-ның Павлодар облысы бойынша басшысы, "ҚазАвтоЖолдың" бұрынғы басшысы секілді тұлғалар туралы айтар болсам, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Есімде бары - осы екі кісі", - деді ол.

Оның айтуынша, ішкі аудит сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтарды болдырмау бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

"Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалған элементтерді анықтаймыз. Соның негізінде оларды жою бойынша тиісті жоспар құрылады. 2022 жылы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, осындай жоспар құрдық, жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргіздік. Барлығы 28 тармақ болды, оның жиырма орындалды бесеуі орындалмады", - деп түйіндеді Қарабаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2115807-kolik-ministri-sybailas-zhemqorlyqpen-ustalgan-qyzmetkerleri-turaly-pikir-bildirdi/