jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде құрылыс компаниясы қаланың қақ ортасындағы теректерді бір түнде шауып тастаған

Ақтөбеде ағаштарды отап тастаған
Ақтөбеде ағаштарды бір түнде отап тастаған. Фото: astanatv.kz

Ақтөбеде құрылыс компаниясы қаланың қақ ортасындағы 30 шақты қылқан жапырақты теректі бір түнде түбірімен шауып тастаған. Тұрғындар күн сайын саясын көлеңкелеп, немерелерін ойнатып жүрген алаңқайдың бір мезетте жоқ болғанына наразы. Әкімдік бұл жер жеке меншікке берілгенін айтады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, бұл жерде жайқалып, шырша, қарағай өсіп тұрған. Қалаға сән беріп жайқалған теректерді жақын маңда тұратын тұрғындар көлеңкелеп, саясында серуендеген.

Бір түнде құрылыс компаниясы отыз шақты қылқан жапырақты теректі отап тастапты.

"Мына жерде шырша, қарағай сынды әдемі жақсы талдар болды. Сұмдық жағдай басшылық, әкімдік қайда қарап отыр. Таңертең келсек, дым да жоқ. Мына жердің барлығын қопарып тастаған", - дейді қала тұрғыны Айгүл Шырымбаева.

Тұрғындардың сөзінше, бұл жерде құрылыс басталмақ. Олар аллеямызды рұқсатсыз бұзды деп шағымданды.

Жауаптылар бұл жердің 2013 жылы жеке меншікке берілгенін айтады. Биыл сәуір айында кәсіпкер әкімдіктен құрылысқа рұқсат алған екен.

"Ол жер – жеке меншіктікі. Ол жерге меншік иесі сауда алаңын салуды жоспарлаған. Бірақ біз рұқсат берген кезде қоғамдық тыңдау өткізу деген талап қойдық. Бірақ жердің иесі қоғамдық тыңдау өткізбеген. Сонымен қатар Ақтөбе сәулет және құрылыс бөлімі сол құрылыс компаниясын ағаш кескені үшін сотқа береді", - деді қала әкімінің орынбасары Сұлтан Аманшин.

Тілші хабарлуынша, енді құрылыс компаниясы әрбір кесілген тал үшін он ағаш егуге тиіс. Ал оның қай аймақта егілетінін әкімдік анықтайды.

Ақтөбеде құрылыс компаниясы қаланың қақ ортасындағы теректерді бір түнде шауып тастаған

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.