Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрең күн көріп отыр": Смайылов ҚТЖ банкрот болуы мүмкін екенін айтты

Жарияланған күні:

Читать на русском
Пойыздар
Пойыздар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін мәжіліс отырысында Жоғарғы аудиторлар палатасының басшысы Әлихан Смайылов баяндама жасап, "Қазақстан темір жолы" компаниясы бүгінгі таңда қиын жағдайда тұрғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Кезінде өзін-өзі қамтамасыз ететін " Қазақстан темір жолы" компаниясы тиімсіз және консервативті басқарудың және мемлекет иелігінен дұрыс ойластырылмай шығарылудың салдарынан бүгінде әрең күн көріп отыр. Табысы жоғары қызметтер жеке компаниялардың қолына берілген. Оның айналасындағы артық делдалдарға ыңғайлы жағдай жасалып, ҚТЖ төңірегінде сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің құнын 80 миллиардан астам теңгеге көтерген" , - деді Смайылов.

Оның айтуынша, 2020-2023 жылдар аралығында ҚТЖ-ның жалпы жүк айналымының 73 пайызы өзіндік құнынан төмен бағамен тасымалданған. Шығындар 907 млрд теңгені құрады.

"Барлық шығын негізінен ҚТЖ-ның транзиттік табыстар есебінен жабылады. Бұл экономикалық жағынан қисынсыз. Бірде бір кәсіпкер өз қызметін қайырымдылық қағидаты бойынша жүргізуге мүдделі емес. Бұл — банкорттыққа апаратын төте жол.

Бүгінде ҚТЖ өз міндеттемелерін толық төлей алмай отыр. Компания кредитттік тәуекелдің "қызыл" аймағында. Оның борышы 2024 жылдың басында 2,9 трлн теңге болды және әлі де өсуде. Жалпы қарыздың 45 пайызы немесе 1,3 триллион теңгесі бұрын алынған борыштық міндеттемелерді қайта қаржыландыруға жұмсалды", - деді Смайылов.

Ол "Самұрық-Қазына" қорының қолданыстағы әдістері ҚТЖ дағдарысының алдын алуға қауқарсыз екенін айтты. Смайылов компанияның қаржылық және техникалық жағдайын жақсартудың нақты мерзімдерін белгілей отырып, ҚТЖ компаниялар тобының шығындарын оңтайландыру қажеттігін жеткізді.

Смайыловтың айтуынша, активтер жағдайының одан әрі нашарлауы, қарыздың көбеюі және басқарудағы түбегейлі өзгерістерсіз қызмет көрсетудің мүмкін еместігі ҚТЖ дефолтына әкеледі.

Баяндама соңында Смайылов ҚТЖ-ға қатысты нақты шаралар қажет екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116059-areng-kun-korip-otyr-smaiylov-qtzh-bankrot-boluy-mumkin-ekenin-aitty/