2,7 триллион теңге қарызы бар ҚТЖ пойыз билетін қымбаттатпай ма: министр жауабы
Жарияланған күні:
Мәжіліс отырысы аясында өткен брифингте көлік министрі Марат Қарабаев пойыз билетінің бағасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Мәжіліс отырысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ-ның 2,7 триллион теңге қарызы бар екенін айтқан болатын.
Министрдің сөзінше, билет бағасын төмендету үшін беріліп отырған мемлекеттік субсидияны азайтып, билет бағасын қымбаттату өзекті, көтеру қажет сұрақ.
"Билетті қымбаттату арқылы қарыз жабу қарастырылып жатқан жоқ. "Қазақстан темір жолының" жолаушылар тасымалынан тауып отырған кіріс өте аз. ҚТЖ-ның негізгі кіріс көзі зат тасымалдаудан түседі. Билет бағасына келетін болсақ, қаншама уақыттан бері көтермедік. Жолаушылар тасымалынан ҚТЖ тауып отырған кіріс оған кететін шығынды жаппай отыр.
Сондықтан жолаушылар тасымалын мемлекет субсидиялайды. Оған 23 млрд теңге беріледі. Мемлекеттік субсидия – салық төлеушілердің ақшасы. Субсидия көлемін азайтып, билет бағасын көтеру өзекті, көтеру, талқылау қажет сұрақ. Бірақ дәл қазір билет бағасын көтеру қарастырылып жатқан жоқ", - деді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116176-2-7-trillion-tengge-qaryzy-bar-qtzh-poiyz-biletin-qymbattatpai-ma-ministr-zhauaby/