ҚТЖ қарызды қайтаруға қауқарлы ма: министр жауабы
Жарияланған күні:
Мәжіліс кулуары аясында өткен брифингте көлік министрі Марат Қарабаев Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың ҚТЖ қарызы туралы мәлемдемесіне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Министрдің сөзінше, компания қарызын өтеп, таза табысқа да шығып отыр. Сондай-ақ ол компанияның қарызды қайтара алатын қауқары бар екенін айтты.
"ҚТЖ қаржысына салынған жолдарда жүк тасымалы өтеді, көліктер жүреді. Компания салған ақылы жолдардан түскен қаражат есебінен қайтарып отырады. Қарызды 20-25 жылға алады. Компанияның ақшаны қайтаруға қабілеті бар. Жалпы 2,7 трлн болса, әр қарыздың белгіленген мөлшері бар, біреуін 25 жылда, бірін бірін 30 жылда қайтарады. Былтыр ҚТЖ-ның 164 млрд теңге болды. Былтыр төлеуге тиіс төлейтін қарыздары бар, солардың барлығын төлеген соң, осындай табыс қалып отыр. Қарызды қатару үшін транзиттік тарифті ұлғайтып отырмыз. ҚТЖ-ның басты табысы – транзиттік табыс", - деді министр.
Сондай-ақ ол ҚТЖ-ның көлемді қарызды не үшін алғанын түсіндіріп берді.
"ҚТЖ-ға мемлекет қаржы беріп отырған жоқ. Өзінің шығынын шетелдік немесе отандық банктерден несие алып, қажетіне жұмсап отыр. Қандай шығындар екеніне тоқталсам, вагондар сатып алу, теміржол жөндеу, локомотивтер сатып алу. Жоғары аудиторлық палата айтып отырған ҚТЖ қарызы үлкен жол құрылысы үшін алынған. ҚТЖ Алматыдағы айналма жол немесе Мойынтыда екінші теміржол салды. Бұл құрылыстардың бірде-біреуін мемлекет қаржыландырған жоқ. Қаржыны шетелдік банктерден қарызға алды", - деді Марат Қарабаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116287-qtzh-qaryzdy-qaitaruga-qauqarly-ma-ministr-zhauaby/