Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруі шектелді

Жарияланған күні:

Шекара
Шекара. Фото: gov.kz

Терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруі шектелді. Бұл туралы 12 маусымда ҰҚК төрағасы Ерлан Сағымбаевтың басшылығымен өткен Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Отырыста шетелдік радикалдардың ену қаупін жою, экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ осал объектілерді терроризмге қарсы қорғау мәселелері қаралды.

"ҰҚК ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді.

Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды", - делінген хабарда.

Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілген.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал объектілерді, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылды.

Отырыс қорытындысы бойынша экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың жалпымемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған нақты шешімдер қабылданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116485-terrorizmge-qatysy-bar-151-sheteldik-azamattyng-elge-kirui-shekteldi/