Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Метеорит жауыны ма": Талғар аспанында түнде ерекше жарқыраған нысандардың видеосы тарады

Жарияланған күні:

Белгісіз нысандар ұшып барады
Белгісіз нысандар. Видеодан кадр: t.me/kris_p_almaty_kz

Бейсенбі, 13 маусымға қараған түні Алматы облысының тұрғындары ерекше құбылыстың куәсі болды – аспанда метеориттерге ұқсас бірнеше жарқыраған нысан көрінді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандықтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде жарқыраған нысандардың видеосын бөлісіп жатыр.

"Қонаев пен Талғар қаласының тұрғындары жіберіп жатыр", - делінген видео сипаттамасында.

Видеолардан құйрықты жұлдыздар сияқты аспанда ұшып жүрген бірнеше жарқыраған нысанды байқауға болады.

Желі оқырмандары мұны "метеорит болуы мүмкін" деп болжап отыр.

"Метеорит жауыны ма?", "Метеор ма, метеор емес пе, бірақ таңертең жауыннан кейінгі найзағай қорқынышты болды", "Енді интернетте метеориттердің жарықшақтары сатылатын болды", "Бұл орбитадан шыққан спутниктер, метеориттер мұншалықты баяу ұшпайды", " Кезінде "Мир" станциясы да дәл осылай өртеніп кеткен, шабуыл бұрышы да ұқсас", - делінген жазба астындағы пікірлерде.

NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының мамандарына сауал жолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116623-meteorit-zhauyny-ma-talgar-aspanynda-tunde-erekshe-zharqyragan-nysandardyng-videosy-tarady/