Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жоғары оқу орындарына түсудің шекті балдары белгілі болды

Жарияланған күні:

Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер
Тест нәтижесін қарап тұрған талапкерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде ҰБТ нәтижесі бойынша жоғары оқу орындарына түсуге арналған шекті балдар жарияланды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығының Telegram-дағы ресми арнасында құжат жариялады. Талапкерлер құжаттан жоғары оқу орындарына түсуге қажетті ең төменгі шекті балдармен таныса алады.

"Мысалы "Математика мұғалімдерін даярлау" мамандығы бойынша грантқа Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетіне түсу үшін кемінде 77 балл жинау керек болса, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-не 110 балл, SDU University-не 120 балл қажет", - дейді Ұлттық тестілеу орталығының мамандары.

Жоғару оқу орындарының тізімі мен ең төменгі шекті балдарды мына жерден көруге болады.

Айта кетейік, Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық нәтижелерін жариялаған еді. Министрлік мәліметінше, тест тапсырушылардың 75 пайызы шекті баллға қол жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116875-qazaqstandyq-zhogary-oqu-oryndaryna-tusuding-shekti-baldary-belgili-boldy/