jitsu gif branding logo appbranding logo app

ҰБТ басталғалы қанша түлек шекті балл жинады: ғылым министрлігі ақпарат берді

ҰБТ
Тест тапсырып отырған ер адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі ҰБТ-ның аралық нәтижелерін бөлісті. Қазір тест тапсырушылардың 75 пайызы шекті баллға қол жеткізді, деп хабарлайды ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды. Оның ішінде талапкерлердің 74 пайызы қазақ тілінде, 26 пайызы орыс тілінде, 110 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті, деп жазылған Ғылым министрлігінің Telegram-дағы арнасында.

ҰБТ басталғалы шекті балды 75 пайыз талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балл болды. Ең жоғары балл – 138, оны Түркістан облысының талапкері жинады.

Тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір талапкер қандай тақырыптар бойынша қателіктер жібергенін көріп, тақырыптық талдау алады. Үш аптаның қорытындысы бойынша оқу сауаттылығы пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75 пайызына дұрыс жауап берілген.

Ал физиканы тапсырған талапкерлер тек 36 пайыз тапсырманы дұрыс орындаған, оларға "Механикалық толқындар" тақырыбы қиын болғаны айтылады.

ҰБТ басталғалы қанша түлек шекті балл жинады: ғылым министрлігі ақпарат берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.