Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың бұрынғы уақыт белдеуін қайтару талабы: үкімет петицияны қашан қарайды

Жарияланған күні:

Сағат және шыныаяқ
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін сенат кулуарында вице-премьер Серік Жұманғарин министрлер кабинетінде бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы петиция қашан қаралатынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жұманғарин петицияға 50 мыңнан астам қол жиналғандықтан, енді үкімет оны қарауға міндетті екенін айтты.

"Бұл процессуалдық мәселе және бұл заң бойынша тиісті жұмыс тобы жиналып жатыр, біз бұл өтінішті петицияның авторын, екі тараптың белсенді сарапшыларын, ғалымдарды, бірінші кезекте жауапты тұлғаларды шақырып, қараймыз.

Бұл петицияны қарауға бізде 40 күн бар, сондықтан нәтиже жақын арада белгілі болады. Жұмыс тобында қандай шешім шығарылса да, соны негізге аламыз", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, өткен аптада қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне қарсылық білдіріп, петиция тиісті мемлекеттік органның қарауына жіберілу үшін қажетті 50 мың дауыс жиналған еді.

Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2116929-qazaqstandyqtardyng-buryngy-uaqyt-beldeuin-qaitaru-talaby-ukimet-petitsiiany-qashan-qaraidy/