jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда уақыт бір сағатқа артқа жылжыды

Сағат
Сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін елдің бірнеше өңірінде уақыт белдеуі өзгерді.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт 1 сағатқа артқа қойылды.

Енді республика бойынша UTC +5 бірыңғай уақыт белдеуі болады.

Айта кетейік, бұған дйін Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі енгізілуіне байланысты пайдалы кеңестер топтамасын жариялаған едік.

Еске сала кетейік, Азаматтық авиация комитеті рейстің ұшу және ұшып келу уақытын өзгерту мәселелері бойынша жолаушылар мына нөмірлерге жүгіне алатынын хабарлады: +7 7172 79821, +7 7172 798213.

Одан бөлек, рейстің мәртебесін нақтылау үшін жолаушылар әуежайдың анықтамалық қызметтеріне, авиакомпаниялардың қосымшалары мен колл-орталықтарына хабарласа алады:

  • Air Astana: + 7727244 44 77, +7 7172 58 44 77, +7 702 702 44 77;
  • FlyArystan: +7 727 331 1010 (WhatsApp +7 702 702 0227);
  • SCAT: +7 7252 99 88 80;
  • Qazaq Air: + 7 727 356 14 14.
Қазақстанда уақыт бір сағатқа артқа жылжыды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.