jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Шымкенттегі асырап алынған балаларды азаптау ісі: Қазақстанда патронат отбасылар тексерілуі мүмкін

Өкпелеп отырған бала
Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Парламент кулуарында Балалардың құқықтарын қорғау комитеті басшысының орынбасары Юлия Овечкина Шымкенттегі патронат отбасындағы балаларды азаптау оқиғасына пікір білдіріп, заңға енгізілген жаңа өзгерістерді мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

"Бұл отбасында 6 бала болды, оның екеуі түпкілікті асырап алынған, төртеуі қорғаншылықта болды. Балаларды асырап алу кезінде қорғаншының қолында балаларды асырап алуға қарсы көрсетілімдер болмағанын растайтын анықтамалар болған.

Қазір парламент мәжілісінде балалардың құқықтарын қорғау мен білім алуды қамтамасыз ету туралы заң жобасы қаралуда. Заң аясында қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейту қарастырылып жатыр. Елімізде қорғаншылық органдарында 400 қызметкер болса, Шымкент қаласын айтатын болсақ, 450 балаға қорғаншылық органдарда 5 ғана қызметкер жұмыс істейді.

Бұл мәселе бойынша баланы қорғаншылыққа алған отбасына үнемі барып, баланың жағдайын қадағалап отыратын қызметкер бөлінуі керек", - деді комитет төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Ол жаңа түзетулер қорғаншылық органдарына қосымша функциялар тапсырылатынын, соның арқасында олар балаларға бақылауды күшейте алатынын айтты.

Еске сала кетейік, Шымкентте 6 баланың асырап алған әкесіне қатысты іс қозғалған болатын. Ол балаларды жұмысқа мәжбүрлеп, жуындырмай, байлап ұстаған. Сонымен қатар тұрғын балаларға ит пен мысық етін берді деген күдікке ілінді.

Шымкенттегі асырап алынған балаларды азаптау ісі: Қазақстанда патронат отбасылар тексерілуі мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.