jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда шенеуніктерді іріктеудің жаңа ережелері әзірленді

Шенеунік11
Ер адам. Көрнекі фото: Рexels.com

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жаңа іріктеу қағидаларын әзірледі. Іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қызметті цифрландыру бойынша "e-Qyzmet.gov.kz" интернет порталы іске қосылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолмановтың айтуынша, мемлекеттік қызметті цифрландыру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

"2023 жылы 1 наурызда оған 6 мемлекеттік орган пилоттық режимде қосылды. Қазіргі уақытта 22 мемлекеттік орган қосылды. Биыл 1 шілдеде жүйе қосымша 22 мемлекеттік органда енгізіледі, - деді спикер.

Жаңа жобаның ерекшелігі – азаматтар конкурстың барлық кезеңдеріне онлайн түрде қашықтан, интернетке қолжетімді кез келген жерден және қалаған уақытында қатыса алады.

"Тараптар арасында мүдделер қақтығысы және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін үміткерлерге оларды иесіздендіретін сәйкессіздендіру номері ұсынылады. Сондай-ақ адами факторды болмау үшін конкурстық рәсімнің ашықтығын тәуелсіз прокторинг жүйесі қамтамасыз етеді және конкурс жеңімпазы барлық кезеңнің қорытындысы бойынша жиынтық балмен анықталады", - деді агенттік өкілі.

Қазақстанда шенеуніктерді іріктеудің жаңа ережелері әзірленді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.