Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуаныштың көз жасы: ҰБТ-дан жоғары балл алған балалардың видеосы елді сүйсінтті

Жарияланған күні:

Түлектер ата-аналарымен
Түлектер ата-аналарымен. Видеодан кадр: Instagram/gylym_jogarybilim

Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде ҰБТ тапсырып шыққан талапкерлердің әсерін көрсетті. Кейбір жасөспірімдерді жақындары қолдап келген, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ғылым мен жоғары білім министрлігі талапкерлердің ҰБТ-дан кейінгі әсерін Instagram-дағы ресми парақшасында көрсетті.

Бейнежазбада бірнеше жасөспірімнен сұқбат алған. Олардың біреуі 134 балл алса да, нәтижесіне қанағаттанбаған. Ол бұдан да жоғары балл алуға мүмкіндігі болғанын айтты.

134 балл алған тағы бір түлек қуанышын жасыра алмай, бірден анасына қоңырау шалды.

"134 балл? Жаным, жаным айттым ғой. Мен білдім ғой (ред.мыс - жоғары балл алатыныңды)", - деді анасы.

"Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру маусымы көптеген жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттерді сыйлайды. Оны тестілеуді тапсырған талапкерлердің шынайы әсерлерінен байқай аласыздар. Талапкерлердің айтуынша, өз мақсатына табандылықпен ұмтылып, жүйелі жұмыс жасағандар нәтижелерінің жемісін көруде", - деп жазылған министрліктің Instagram-даеғы парақшасында.

Ғылым мен жоғары білім министрлігі ҰБТ 5 шілдеге дейін, ал ТЖ режимі жарияланған 6 өңір үшін (Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары) 12 шілдеге дейін жалғасатынын еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2117931-gylym-men-zhogary-bilim-ministrligi-ubt-tapsyrgan-tulekterding-aserin-korsetti-video/