Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл – жалған": балалар омбудсмені жаңа заңға қарсы петиция туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Отбасы
Отбасы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы ұйымдастырылған жаңа петиция туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ омбудсменнің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Балалар омбудсмені неге бұл петицияда айтылған мәліметтер қате екенін түсіндірді.

"Автордың негізгі идеясы мынада: бұл заң оқу процесін қылмыстық жауапкершілікке тартып, балаларды оқудан шығарудың қарапайым тетігін енгізеді және азаматтардың жеке істеріне араласу құқығына ие құрылымды жасайды делінген. Бұл – жалған! Бұл заңда балаларды алып кету туралы бірде-бір норма жоқ. Осы заң арқылы ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастырып, адамды, оның ішінде баланы ұрып-соғуға жол бермейтін, заңдылық пен тәртіп алдыңғы қатарда болатын қоғам құру міндетін қойды.

Осы заңға қарсы шыққандардың барлығына ең алдымен оны оқып шығып, балаларға қатысты қылмыстық істер бойынша жұмысымызға көмектесуді ұсынамын. Бір рет болса да күнделікті есепті көріп, балалармен сөйлесіп, олардың басынан өткергендерін тыңдап, кейін жазаны қатайту қаншалықты маңызды болғанын түсінесіз", - деді Динара Зәкиева жазбасында.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл былтардан бері осы мәселе бойынша қаншама шара өткізілгенін жеткізді.

"Еліміздің 220 елді мекенін араладық. Ендеше бұл заңның керегі жоқ деп дау айтпас бұрын, авторларға да сол жолмен жүріп өтуге кеңес беремін. Барлығымыздың қолымызда қалам бар, бірақ мұндай істерде нәтиже тек нақты іс-әрекеттен, күнделікті жұмыс пен қадамнан тұрады.

Қауіпсіз қоғамдағы елдің амандығы туралы бәріміз айтып жатырмыз. Елдің әл-ауқаты отбасының және әрбір адамның, соның ішінде кішкентай азаматтың амандығынан тұрады", - деді ол.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға қарсы петиция басталғаны белгілі болды. Бұл петиция epetition.kz порталында 16 маусымда, әйелдер құқығы және балалардың қауіпсіздігі туралы заң күшіне енген күні пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118771-bul-zhalgan-balalar-ombudsmeni-zhanga-zangga-qarsy-petitsiia-turaly-pikir-bildirdi/