jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жаңбыр, бұршақ": алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болады

Субұрқақ
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде қандай ауа райы болатынын болжады. Елдің батысындағы аптап ыстық төмендейді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Атап айтқанда, бірқатар өңірде жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі.

Синоптиктер солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады деп болжады.

18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Тек оңтүстікте және 19-20 маусымда орталықта ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Күндізгі температура еліміздің батысында ауа температурасы +28 + 40°С-қа дейін төмендейді, еліміздің солтүстігінде +20+28°С-тан +25+31°С-қа дейін жоғарылайды.

Ал орталықта +20+33°С, оңтүстікте +30+41°С, оңтүстік-шығыста +24 + 35°С-тан +22+32°С-қа дейін аздап төмендейді, ал шығыста +12+28°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

"Жаңбыр, бұршақ": алдағы күндері елімізде қандай ауа райы болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.