Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-ананың қаншама көз жасы кетті": аттестатын өртеген жігіттің видеосы жұрттың ашуына тиді

Жарияланған күні:

Аттестат өртеген жігіт
Аттестат өртеген жігіт. Видеодан кадр: instagram.com/ dauletten

Әлеуметтік желіде аттестатын өртеген жігіттің видеосы қызу талқыға түсті. Көпшілік мемлекеттік рәмізді құрметтемеген азаматқа теріс пікір жазып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аталған видео Instagram желісіндегі @dauletten парақшасында жарияланды.

"Бала берсең сана бер... Ең болмағанда құжаттың сыртындағы мемлекеттік рәмізді құрметтеу керек. Бұлай жасау (өртеу, жырту) кейбір мемлекеттерде қылмыс саналады", - деп жазды автор.

Мұны көрген көпшілік видеоға түрлі пікір жазып қалдырды.

"Осы бір жапырақ қағазды алу үшін ата-ананың қаншама көз жасы, уақыты, ақшасы, еңбегі кетті", "Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы", "Әлі қайта жасатасың ғой", "Оқымаған өзіңнен көр", "Өмірді қызыл аттестат шешпейтін шығар", "Ата-анасының еңбегін аяқасты етіп жатыр", "Санасының жеткен жері осы", "Не дәлелдегісі келді екен?", - деп жазды жұрт.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118924-ata-ananyng-qanshama-koz-zhasy-ketti-attestatyn-ortegen-zhigitting-videosy-zhurttyng-ashuyna-tidi/