Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыр жағдайда": дәрігерлер Атырауда ер адамнан зәбір көрген әйелдің жағдайын айтты

Жарияланған күні:

Науқастың қолы. Көрнекі сурет
Науқастың қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырауда өзінен кіші ер адамнан зәбір көріп, ауруханаға түскен әйелдің жағдайы ауыр. Дәрігерлердің сөзінше, қазір науқастың бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар, деп хабарлайлы "Қазақпарат" агенттігі.

Агенттік Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап мәлім еткендей, ер адамнан зәбір көрген әйел 9 маусымда ауруханаға түскен.

"Облыстық ауруханаға жеткзілген кезде науқастың мойыны мен иығында жарақаты болды. Қазір науқас аурухананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алып жатыр. Оның жағдайы тұрақты, бірақ, ауыр. Бір жақ қолы мен аяғында әлсіздік бар. Бірақ, дәрігерлердің пікірінше, науқасқа операция қажет емес. Ауруханада тұрақты емін жалғастырады. Дәрігерлер науқастың жағдайын жіті бақылауда ұстап отыр", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, бұдан бұрын Атырау полициясы азаматтық некедегі әйелін өлтіруге оқталған ер адамды іздеп жатқанын жазған едік.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған іске күдіктінің жасы 29-да. Оның 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған сәті видеокамераға түсіп қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2118939-auyr-zhagdaida-darigerler-atyrauda-er-adamnan-zabir-korgen-aielding-zhagdaiyn-aitty/