Алматыда тағы бір заңсыз салынған ғимарат сүріліп жатыр (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда тағы бір заңсыз салынып жатқан құрылыс нысаны сүріліп жатыр – дереккөз ақпараты бойынша, ол рұқсатсыз тұрғызылған. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алматыда сот шешімімен Кәрімов көшесінде орналасқан ғимарат сүріліп жатыр. Алматы сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметіне сәйкес, бұған дейін тұрғындардың өтініші бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізілген. Дереккөз ақпараты бойынша, меншік иесінде бұл құрылыс нысанын тұрғызуға рұқсат құжаты жоғы анықталған.
Басқарма өкілдері іс материалдарын сотқа жолдап, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 316-бабының 1-бөлігі, 321-бабының 1-бөлігі, 463-бабының 1-бөлігі, 462-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік шара қолданылды.
Сот шешімімен меншік иесі құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік айыппұл салынды. Құрылыс жұмыстары тоқтатылды.
Басқармадағылар заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу туралы Алмалы аудандық сотына талап арызбен жүгінген. Аудандық соттың 2021 жылғы 28 қазандағы шешімімен бөлімнің талап арызы қанағаттандырылып, сот шешімін атқару құжаты Әділет департаментіне жолданған.
Бір күн бұрын Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен құрылыс нысанын бұзу жұмыстары басталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119011-almatyda-tagy-bir-zangsyz-salyngan-gimarat-surilip-zhatyr-foto/