Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Зорлық белгілері бар": Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның денесі табылды

Жарияланған күні:

Айгүл Сайлыбаева
Айгүл Сайлыбаева. Фото: Ашық дереккөз/ KAZ.NUR.KZ

Германияда экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның мәйіті табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram желісіндегі парақшасында жазды.

Германия қылмыстық полициясының Қазақстан Республикасының Франкфурттағы Бас консулдығына берген ақпаратына сәйкес, 16 маусымда Бенсхайм қаласының маңында әйелдің мәйіті табылды.

СІМ ақпаратына сүйенсек, қазір криминалистер сот-медициналық сараптама жүргізіп жатыр. Өз кезегінде полицияның ауызша алдын ала берген ақпаратына сәйкес, сыртқы белгілері бойынша мәйіт Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаева деп танылған.

"Қазіргі уақытта марқұмның туыстары Германияда және оларға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. ГФР құқық қорғау органдары тиісті тергеу шараларын жүргізуде. Бұл іс туралы өзге ақпарат тергеу мүдделері үшін жарияланбайды", - деді Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.

Ал Qazaqstan телеарнасы Telegram желісіндегі парақшасында мәйітте зорлық белгілері бар екенін жазды. Телеарна мәліметінше, ақпарат Bild басылымында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2119035-zorlyq-belgileri-bar-germaniiada-eks-sudia-aigul-sailybaevanyng-maiiti-tabyldy/